Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

568

Бұл туралы KASE сайтында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Бақыт Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

"Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы) KASE-ге Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен Б.Т. Сұлтанов Қор Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны туралы хабарлады", – деп жазылған KASE сайтында.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Сұлтанов Б.Т., Бахмутова Е.Л., Баталов Р.А., Нұрғалиева А.Б., Жақсылықов Т.М., Мұхамеджанов А.Б., Бөрібаева Г.А.

Бақыт Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу