Бақыт Сұлтанов ЕЭК-тің алқа мүшесі болып тағайындалды

707

Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді. 

Бақыт Сұлтанов ЕЭК-тің алқа мүшесі болып тағайындалды

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қазандағы шешімімен Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа мүшесі (Министр) болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді.

Бақыт Сұлтанов 2003-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметін атқарған.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010-2013 жылдар аралығында Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2013-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

2018-2022 жылдар аралығында Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметтерін атқарған.

Алғыс хаттармен марапатталған, "Құрмет" (2006), "Парасат" (2012), III дәрежелі "Барыс" (2021) ордендерінің иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу