Бақыт Сұлтанов елордамен шекаралас аумақтарды тiкұшақпен бақылады

787

Су басу қаупі бар 34 учаске анықталды. Әрбір учаске бойынша жұмыс түрлері, қажетті материалдың көлемі анықталып, жауапты орындаушылар белгіленді.

Бақыт Сұлтанов елордамен шекаралас аумақтарды тiкұшақпен бақылады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті тасқынға қарсы жағдайды мониторингтен өткізу мақсатында қаланың шекералық аумағын айналып ұшу шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шара елорда әкімі Бахыт Сұлтановтың, ҚР ІІМ министрінің орынбасары Юрий Ильиннің, ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Марғұлан Аманбаевтың, "Есіл бассейндік инспекциясы" РММ, "Казгидромет" МКҚК, Есіл өзенінің арнасын жобалаушы "Орта" ЖШС өкілдерінің қатысуымен өтті. Айналып ұшу су тасқыны жағдайы туралы ақпарат жинау және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу бойынша шаралар әзірлеу үшін жүргізілді.

"Ұшақпен аралау жұмыстарының барысында Майбалық көлі, Вячеславское су қоймасы ауданындарындағы, Қарағанды және Ақмола облыстарының елді мекендеріндегі қар және ылғал қорының ауқымы нақтыланды. Аталмыш шара Вячеслав су қоймасында және Астаналық бақылау реттегішінде су ағынын алдын ала есептеуге, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, ТЖД және "Қазсушар" ММ-не су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге дайындалуға мүмкіндік береді. Ықтимал су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп елорда аумағында тасқын суларды ұйымдасқан түрде өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді", – делінген ТЖД-нің хабарламасында.

Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 34 учаске анықталды. Әрбір учаске бойынша жұмыс түрлері, қажетті материалдың көлемі анықталып, жауапты орындаушылар белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу