Бақыт Сұлтанов: Енді бізге Әзербайжанның банкі емес, елдің өзі қарыз

988

Бақыт Сұлтанов: Енді бізге Әзербайжанның банкі емес, елдің өзі қарыз

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі есебін тыңдау барысында Әзербайжан банкіне салынған зейнетақы қаржыларына қатысты мәселе көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жиынқа қатысқан ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қазақстандықтардың Әзербайжан банкіне салған зейнетақы қаржылары туралы сұрақ қойылды.

"Банкпен былтыр да осындай жағдай болған. Ұлттық банк басшыларынан арнайы топ жасақталып, үкіметтің арнаулы өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізілді. Халықаралық талаптарға сәйкес, банк өз міндеттемелерін қайта құрылымдау режиміне кірді. Алайда біз келісімге келе алдық, бұрын орналастрылған 250 миллион доллар қаржы үлестірілмейтін болды. Өткен жылдары осы банктен 40 миллион доллардан астам қаражат түсті, яғни азаматтардың зейнетақы активтері осы мөлшерге ұлғайды", - деді ҚР қаржы министрі.

Облигациялардың айналымда болу мерзіміне қатысты сұраққа: "Олар алмастырылды. Енді бізге Әзербайжанның банкі емес, елдің өзі қарыз. Облигациялар 15 жылға бөлінді. Бастапқы 3,5 процентті құрайды және біздің есебімізше, сол 250 миллион доллар 15 жылда шамамен 400 миллион долларға айналуы тиіс. Яғни, зейнетақы қорының қаражаттары жоғалған жоқ, олар сақтаулы тұр, сонымен қатар халықаралық мөлшерлемеге сәйкес көбейіп отырады", - деп жауап берді Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу