Бақыт Сұлтанов қайғылы оқиғадан соң кәріз құдықтарына тексеру жүргізуді тапсырды.

1041

Бақыт Сұлтанов қайғылы оқиғадан соң кәріз құдықтарына тексеру жүргізуді тапсырды.

 Астана қаласының әкімдігі кәріз құдығына түсіп, көз жұмған Аружан Маратованың өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта қылмыстық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның нәтижесі департамент тарапынан қосымша хабарланады. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қаланың барлық қызметтеріне Астанадағы 65 мың кәріз құдығын арнайы тексеру жүргізуді тапсырды. Тек соңғы айда қала тұрғындарынан ашық қалған құдық мәселесіне қатысты 109 қызметіне 356 өтініш келіп түссе, одан бөлек қала коммуналдық қызметтері тағы мыңдаған ашық құдықтарды тауып, жапты. Қала бойынша барлық ашық қалған кәріз құдықтары жедел жабылады. Ал соңғы бір апта көлемінде 109 қызметіне 214 өтініш келіп түсті", - деді Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол көз жұмған Аружан Маратованың отбасына түрлі деңгейде қолдау көрсетілетінін айтып өтті.

Одан бөлек, баспасөз хатшысы қала әкімі кәріз құдық қақпақтарының ұрлығына қарсы жүйелі шаралар қабылдап, ұрлыққа қарсы шешілмейтін арнайы құлыптар орнатуды тапсырғанын да тілге тиек етті.

Еске салсақ, кеше Астана қаласындағы кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың денесі табылғаны туралы хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу