Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жариялады

754

Үкіметке азық-түлік пен тауарлардың шекті бағасын белгілеу бойынша кең өкілеттік берілді.

Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлерге ескерту жариялады Фото: primeminister.kz

Корнавируске байланысты жарияланған төтенше жағдай режимінде Үкіметке азық-түлік пен басқа да тауарлардың шекті бағасын белгілеу бойынша кең өкілеттіктер беріліп отыр. Бірақ Сауда және интеграция министрлігі бұл өкілеттікті кеңіне пайдалануға ниетті емес көрінеді. Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте министр Бақыт Сұлтанов осындай пікір айтты.

"Біз шекті бағаларды белгілеу сияқты қатаң шара нарықтық экономика ережелеріне сәйкес келмейді деп түсінеміз. Сонымен қатар, көптеген кәсіпкерлер жағдайды алдын-ала ойластырып, халықтың ең танымал өнімдері мен тауарларының бағасын көтеруге тырысып жатқанын көреміз. Қазақстанда азық-түлікпен қамтамасыз ету өте жоғары болғанына қарамастан, сатушылар мен алыпсатарлар ұн, макарон, қант және басқа тауарлардың бағаларын көтерді. Бұл халық арасында үлкен дүрбелең туғызады. Біз барлық кәсіпкерлерді ескертеміз! Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қабылданатын болады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу