Бақыт Сұлтанов: Қазақстан ЕО мен байланыстың жаңа арнасын көрсету үшін Иран арқылы пойыз жіберді

634

Қазақстан Еуропалық Одақпен (ЕО) байланыстың жаңа арнасын көрсету үшін Иран арқылы пойыз жіберді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Бақыт Сұлтанов: Қазақстан ЕО мен байланыстың жаңа арнасын көрсету үшін Иран арқылы пойыз жіберді

"Біз жүктің Қытаймен, Қазақстанмен, Түркіменстанмен, Иранмен және одан әрі Түркиямен шекарадан қанша уақыт өтетінін білу үшін пойызға арналған алғашқы контейнерді сынап көрдік. Ол Еуропалық Одақ, басқа елдерге байланыстың жаңа арнасын, тауарларды одан әрі тасымалдау мүмкіндігін көрсетті. Мысалы, металдар әлі де АҚШ санкцияларына ұшырап отыр", – деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, 19 маусым Тегеранда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне онлайн форматта қатысты. 

Павлодардан шыққан жүк пойызы Түрікменстан аумағы арқылы өтіп, бірнеше күннен кейін Тегеранға жетті. Рәсім барысында мемлекеттер басшылары пойыздың ары қарай Түркияға жөнелтілуіне белгі берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу