Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

734

Көпбалалы аналардың айтуынша, бірінші кезекте оларды тегін тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек беру, жұмысқа орналастыру мәселелері қызықтырады.

Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

Бүгін қалалық әкімдікте Бақыт Сұлтановтың көпбалалы аналармен кездесуі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімімен қатар кездесуге денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты. Елорда әкімімен кездесуге 70-ке жуық қала тұрғыны келді.

Көпбалалы аналардың айтуынша, бірінші кезекте оларды тегін тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек беру, жұмысқа орналастыру мәселелері қызықтырады.

Әкімнің айтуынша, елордада тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, соның ішінде көпбалалы аналар, аз қамтылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар тұр. Бақыт Сұлтанов қосымша қаражат есебінен шамамен 1800-1900 пәтер беру жоспарланып жатқандығын мәлімдеді.

Бақыт Сұлтанов қиындыққа тап болған әрбір отбасы "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Бизнестің жол картасы" бағдарламалары мен атаулы әлеуметтік көмек аясында қолдауға ие болатынын айтты. Сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері де шешіледі.

"Біз азаматтарды қайта оқытуға немесе біліктілігін арттыруға көмектесеміз", – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Көпбалалы аналар айтқан барлық өтініштер жедел түрде жүйеленіп, талданады. Әр өтініш бойынша түсініктеме беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу