Бақыт Сұлтанов Қытайға сапары барысында бірқатар кездесу өткізді

994

Бақыт Сұлтанов Қытайға сапары барысында бірқатар кездесу өткізді

2018 жылғы 27-28 сәуірде ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың Бейжің қаласына (ҚХР) сапары өтті, деп хабарлайды ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында ҚХР қаржы министрі Лиу Кунмен кездесу өтті.

Тараптар екі елдің қазіргі экономикалық ахуалын талқылады, "Бір белдеу – Біл жол" бастамасы және "Нұрлы Жол" бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимыл, қаржы нарықтарының, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметі және олардың қаржы қызметтері туралы пікір алмасты.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов "Бір белдеу – Біл жол" бастамасы мен "Нұрлы Жол" бағдарламасын түйіндестіру шеңберінде бірлескен инвестициялық жобалар бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізіліп жатқанын, ірі жобаларды іске асыру үшін қарыздар тартылып жатқанын атап өтті.

Келіссөздердің нәтижелері бойынша тараптар осы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға және жақын арада Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ведомствоаралық меморандум жасасуға уағдаласты.

Бұдан басқа, ҚХР-ға сапары шеңберінде Бақыт Сұлтанов ҚХР бас кеден басқармасының министрімен, коммерция министрінің орынбасарымен, ЭксимБанктің және ҚХР бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы басшылығымен кездесу өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу