Бақыт Сұлтанов: Ол межеге дейін әлі алыс

1067

Бақыт Сұлтанов: Ол межеге дейін әлі алыс

2016 жылы бюджет тапшылығының көлемі ЖІӨ-ге шаққанда жоспардағы 2%-дың орнына нақтылай нәтижесінде, 1,7%-ды құрапты. Ал биыл көрсеткіш өсіп отыр. Бірақ бас қаржыгердің бағалауынша, "борыштық жүктеме қауіпсіз деңгейде қалып отыр", деп хабарлайды abctv.kz.

"Жыл сайынғы бюджеттің тапшылығы мемлекеттік борыштың өсуіне де өз ықпалын тигізеді. Дегенмен, мемлекеттің өз борышының деңгейі қазір 12,9 триллион теңгені құрайды. Бұл шамамен 38 миллиард долларға тең. Бұл көрсеткіш Қазақстанның жалпы ішкі өніміне шаққанда, 25 пайыздан төмен. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы талабы бойынша біздің мемлекеттік қарызымыздың жалпы көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 50 пайыздан аспауға тиіс. Яғни, біздің лимит осы көлемде айқындалған. Бірақ ол межеге дейін әлі алыс", – деп жұбатты бүгін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. 

Оның айтуынша, сонымен бірге борышты төлеу мен төлем балансының коэффициенті 15 пайыздан жоғары болмауы міндетті. Бүгінде ол көрсеткіш 9 пайызға жақын көрінеді.
Дегенмен, мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордың борыштарының өсуіне, оның ішінде сыртқы қарыздардың ұлғаюына" халық пен депутаттардың алаңдаушылық білдіріп отырғанын қаржы министрі де жоққа шығармайды.

Дегенмен қаржы министрі "борыштық жүктеме қауіпсіз деңгейде қалып отыр" деп бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу