Бақыт Сұлтанов пен Бейбіт Атамқұлов ERG директорлар кеңесіне мүше болды

1083

Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды.

Бақыт Сұлтанов пен Бейбіт Атамқұлов ERG директорлар кеңесіне мүше болды

Қазақстан үкіметінің қаулысымен сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің құрамына кірді.

"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі - Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін"­,­– делінген ҚР нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулы мәтінінде.

Директорлар кеңесінің құрамы: директорлар кеңесінің төрағасы – ­Александр Машкевич, кеңес мүшелері  – ­Әлижан Ибрагимов, Патох Шодиев, үкіметтен кеңеске мүше  – ­ Бақыт Сұлтанов пен Бейбіт Атамқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу