Бақыт Сұлтанов Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министріне өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынды

1002

АХҚО алаңында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрі Халид әл-Фатихпен екі жақты кездесуі өтті, деп жазады inbusiness.kz

Бақыт Сұлтанов Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министріне өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынды

Бақыт Сұлтанов пен Халид әл-Фатих түрлі салалардағы қатынастарды дамыту жөніндегі Қазақстан-Сауд үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тең төрағалары болып табылады.

Осыған байланысты, Сауда және интеграция министрі жылдар бойы өткізілмеген үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы мен Қазақстан-Сауд Бизнес-форумының рөлін және екі жақты ынтымақтастықтың ықтимал спектрін жандандыруға және кеңейтуге көмектесетінін атап өтті.

Сонымен бірге идеясы екі елдің басшылығымен қолдау тапқан Қазақстан-Сауд үйлестіру кеңесі де бар.

ҮАК және инвестициялық форум 26 және 27 қыркүйекте өтеді.

"Қазақстан мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тау-кен металлургия кешені, жаңартылатын энергия көздері, туризм салаларындағы жобаларға Сауд Арабиясынан ірі компанияларды тартуға мүдделі", - деді Бақыт Сұлтанов.

Әңгіме барысында ол Қазақстанда инвестициялық саясат түбегейлі өзгергенін айтып, өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін қарастыруды ұсынды.

Бақыт Сұлтанов Халид әл-Фатихтан саудтық компанияларды Қазақстан экономикасының кез келген секторларында инвестициялық жобаларды іске асыруға тартуға жәрдем көрсетуді сұрады.

Осылайша Қазақстан қызықты жобалар ұсынылған "SABIC", "SALIC", "Al Marai" және "SPIMACO" сияқты ірі Сауд Арабиясының компанияларымен ынтымақтастыққа мүдделі.

Қазақстандық тарап, оның ішінде ел басшылығы деңгейінде Сауд Арабиясының компанияларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу