"Бұл қаражат көп деп ойламайсыз ба?", – деп сұрады журналистер.
"Ұшақтың авикеросиніне жұмсалған ақша деп ойлаймын", – деді Жамаубаев.
"Бақыт Тұрлыханұлы қандай ұшақпен барғанын білмеймін. Мемлекет қарауындағы ұшақтар болса, оған арнайы қаражат қарастырылған", – деді Жамаубаев.
Оның айтуына қарағанда, министрлерге көп қаражат жұмсамау ескертіледі.
"Шұғыл жағдайлар, күйіп бара жатқан нәрселер болмаса, рейстік ұшақтармен ұшу керек деген премьер-министрдің тапсырмасы бар", – деп үстеді министр.
Qazyna журналистерінің анықтауына сүйенсек, Бақыт Сұлтанов сол сапарда Алматы әкімімен "сауданы дамыту және бағаны тұрақтандыру" мәселесін талқылаған. Талдықорғанда облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың есебін тыңдаған. Бұл Ерұлан Жамаубаев айтқандай "шұғыл жағдайға" ұқсамайды.
Тасқын Болатұлы
Фото: uralskweek.kz