Бақытбек Смағұл батырлардың есімін шекара бөлімшелеріне беруді ұсынды

1936

Депутат Мәжілістің жалпы отырысында бұл мәселені көтерді. 

Бақытбек Смағұл батырлардың есімін шекара бөлімшелеріне беруді ұсынды Фото: nur.kz

"AMANAT" фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұлдың Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Батырларымыздың есімдерін еліміздің әр өңіріндегі шекара бөлімшелеріне беру мәселесін қарастырып, тиісті нұсқау беруіңізді сұраймын. Қазақстанның ежелгі және кейінгі тарихындағы ұлы тұлғаларды ұлықтау Әділетті Қазақстанда әділдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадамға айналары анық", - деді ол.

Депутат келесі шекара бөлімшелерінің атауын өзгертуді ұсынды:

  •  ҚР ҰҚК ШҚ Абай облысы Үржар ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты "Ақшоқы" шекара бөлімшесіне "Ер Жәнібек батыр" атындағы;
  • "Бұлақты" шекара бөлімшесіне "Қабанбай батыр" атындағы;
  •  Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты "Рабат" шекара бөлімшесіне "Қалыбек батыр Мамадайырұлы" атындағы;
  • "Қаскелең" шекара бөлімшесіне "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" атындағы;
  • "Жамбыл" шекара бөлімшесіне "Борис Төкенұлы Керімбаев" атындағы;
  •  "Қайырған" шекара бөлімшесіне "Райымбек батыр"  атындағы;
  •  Атырау облысына қарасты "Сазды" шекара бөлімшесіне "Хиуаз Доспанова" атындағы;
  •  Батыс Қазақстан облысына қарасты "Қосөзен" шекара бөлімшесіне "Мәншүк Мәметова" атындағы;
  •  Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша "Қарақұм" шекара бөлімшесіне "Тұрғанбек Стамбеков" атындағы;
  •  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты "Қасқат" шекара бөлімшесіне "Кенесары хан Қасымұлы" атындағы;
  • - "Ақыш" шекара бөлімшесіне "Ағыбай батыр" атындағы;
  •  Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Тобыл" шекара бөлімшесіне "Бөгенбай батыр" атындағы;
  • "Кеңарал" шекара бөлімшесіне "Шоқан Уәлиханов" атындағы;
  •  Ақтөбе облысы бойынша департаментіне қарасты "Жайсан" шекара бөлімшесіне "Есет батыр" атындағы; 
  •  "Жиренқопа" шекара бөлімшесіне "Қобыланды батыр" атындағы;
  •  Қызылорда облысы бойынша департаментіне қарасты 
  • "Төрешқұдық" шекара бөлімшесіне "Келменбет батыр" (Келмембет Келдібайұлы) атындағы;
  • Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты "Тұрбат" шекара бөлімшесіне "Қойгелді батыр" (Қойгелді Сартұлы) есімін беру.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу