Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті

911

Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен былтыр желтоқсанда ұсталған еді. 

Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова 11 тамызда өткен сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Ол Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен былтыр желтоқсанда ұсталды. Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2020 жылғы 13 наурызда тағайындалған. Одан бұрын парламент мәжілісінің депутаты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу