Бақытгүл Хаменова үйқамаққа ауыстырылмайды

702

Судья қылмыстың ауырлығына байланысты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.  

Бақытгүл Хаменова үйқамаққа ауыстырылмайды Фото: azh.kz

Хаменованың адвокаты Игорь Вранчев тергеу изоляторында отырған қорғауындағы бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге ауыстыруды сұрады. Прокурор Саматова қарсылық білдіріп, Хаменоваға тағылған айып ауыр қылмыстық құқық бұзушылық ретінде сараланғандықтан, өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Судья Жұмағали Тәшімов кеңесу бөлмесіне шығып, қайта оралып, Хаменоваға тағылған айыптың ауырлығын ескере отырып, адвокат Вранчевтің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

2021 жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды. Ол Атырау қаласында Абай ескерткішін жасап, орнатуға мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасу үшін ЖШС басшысынан 145 миллион теңге сомасында 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын. 12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Сот оның әйел екенін, кәмелетке толмаған екі бала тәрбиелеп, қарт анасын асырап отырғанын және бұрын сотты болмағанын, құзырлы органдардан жасырмағанын ескерді.

Алайда желтоқсанның 23-і күні Хаменова уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Атырау облыстық соты ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген, сондықтан оны қамауға алу керек деп түсіндірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу