Бақытгүл Хаменова жазасын қашаннан бастап өтейтіні белгілі болды

112

Ол Атырау қалалық пробация қызметінің есебінде тұр. 

Бақытгүл Хаменова жазасын қашаннан бастап өтейтіні белгілі болды Фото: Бейнежазбадан

Бұл туралы Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Ізтілеуов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2022 жылғы 15 қарашада Атырау қалалық № 2 сотының үкімімен Бақытгүл Хаменова Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігі негізінде жазасын өтеу үш жылға кейінге қалдырылды", – деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, сотталған тұлға 2023 жылғы 10 наурыздан бері Атырау қалалық пробация қызметінің есебінде тұр.

"Жаза өтеу мерзімі 2026 жылғы 10 наурызда аяқталады. Сот үкімі бойынша ол бала тәрбиесімен айналысуға тиіс", – деді Ізтілеуов.

Сондай-ақ ол жазаны одан әрі қарай өтеу тәртібі ҚР ҚК-нің 74-бабы 3-бөлігіне сәйкес сот шешімімен айқындалатынын атап өтті.

"Жаза өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін пробация қызметі сотқа ұсыным жолдайды. Сот оның мінез-құлқына қарай жазадан босату, жазаны жеңіл жазаға ауыстыру немесе жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу жөнінде шешім қабылдайды", – деді Азамат Ізтілеуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу