Бақытгүл Хаменова жемқорлық айыбымен ұсталды

6719

Бұл туралы белгілі блогер Ербол Еділов өзінің телеграм каналында жазды.  

Бақытгүл Хаменова жемқорлық айыбымен ұсталды

"Кейбір деректерге қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті 4,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған. 

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Абай ескерткішін орнатуға арналған 150 млн теңгелік тендер кері қайтарылған.

Бұл бірінші 15 миллиондық (10%) транш болды", – деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурыз күні Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу