Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты

1030

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.    

Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты Фото: halyq-uni.kz

Сот үкіміне сәйкес, Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейтін болады. Хаменова сот залынан үйіне жіберілді.

Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов 4 жылға сотталды.

Бұған дейін соттағы соңғы сөзінде Бақытгүл Хаменова соттан өзін ақтауды сұрап, жеке қаулы шығаруды сұраған болатын.

Айта кетейік, тараптардың жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевті (облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы) 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сондай-ақ Хаменованың 14 жасқа толмаған баласының бар екенін ескеріп, жазасын үш жылдан кейін өтеуін сұрады. Ол уақытқа дейін пробациялық бақылау қоюды сұрады.

Ал "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовты прокурор 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор соттан Ақылбек Рысқалиев пен Өміртай Адамовты сот залында қамауға алуды сұраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу