Тараптар пікірталасы жоспарланған сот отырысы №2 қалалық сотта өтуі тиіс болатын. Сотқа төрағалық етуші судья Жұмағали Тәшімовтің науқастанып қалуына байланысты сот отырысы кейінге шегерілген.
Экс-Мәжілісмен, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнататын компаниядан аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып, қамауға алынған еді. Оның ісін Атыраудағы №2 қалалық сот қарап жатыр. Күдікті бастапқыда үйқамаққа алынып, артынан темір торға қамалды.
Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қаралып жатыр.