Бақытгүл Хаменованың соты тағы кейінге шегерілді

656

"4 жарым млн теңге пара алды" деп айыпталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты, тағы да кейінге шегерілді деп хабарлайды Atameken Business.

Бақытгүл Хаменованың соты тағы кейінге шегерілді

Лауазымды тұлғаға "Айыптау актісі" берілген кезде, қасында қорғаушысы болмағандықтан, шенді, құжатпен танысудан бас тартыпты. Заңға сәйкес, оған айыптау актісімен танысуға уақыт берілуі тиіс.

Осы қылмысқа қатысы бар Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев, "үй қамақта" отыр.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова, Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 3 бөлігі 3 тармағына сәйкес айыпталып отыр. Алайда оның әкімдіктегі орны, әлі де сақтаулы тұр.

Фото: Stan.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу