Бақытгүл Хаменованың сотында куәгер жала жапқанын мойындады

3476

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот қайта жалғасты. 

Бақытгүл Хаменованың сотында куәгер жала жапқанын мойындады

Соттың кезекті отырысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев тергеу кезіндегі бастапқы сөзінен бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

"Мен тергеуде жауап берген кезде есеңгіреп, қатты күйзелісте болдым. Сол кезде Антикор қызметкерлерінің бірі келіп, бұл қаржы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға арналған деп көрсетіп беру керек екенімді айтты. Солай істеген жағдайда, мен қорғалу құқығы бар куә болып қалатынымды түсіндірді. Бұл үшін жауапкершілікке тартылмайтынымды ескертті. Антикор қызметкерінің нақты кім екенін айта алмаймын, оларды танымаймын", – деді Ақылбек Рысқалиев.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Бақытгүл Хаменованың ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады. Келесі сот отырысы 21 қазанда жалғасады. 

Биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодексі 367-бабының 2-бөлігімен "Б" ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түскенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу