"Бақытты отбасы" бағдарламасы: Ақтөбеде жыл сайын 1 мың отбасыға пәтер беру жоспарланды

1576

Елбасының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезіндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Ақтөбеде бірқатар іс қолға алынды.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы: Ақтөбеде жыл сайын 1 мың отбасыға пәтер беру жоспарланды

"Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында Ақтөбеде жыл сайын 1 мың отбасыға пәтер беру жоспарланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Елбасының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезіндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Ақтөбеде бірқатар іс қолға алынды. ТҚЖБ-ның облыстық филиал мәліметінше, өңірде 93 мыңнан астам салымшы бар. Қазіргі кезде депозит қоры 45,6 миллиард теңгеге жетті.

"2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 1717 пәтер берді. Биыл да жергілікті атқарушы органмен қатар жетім балаларды, жастарды, көпбалалы және толық емес отбасы санатындағы адамдарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жүреді. Сонымен қатар, "Бақытты отбасы" бағдарламасы да іске асырылады. Елбасы тапсырмасымен ТҚЖБ-ға 150 миллиард теңге бөлініп, көпбалалы аналарды баспанамен қамту қолға алынды. Бұл бағдарламамен 4 және одан да көп баласы бар отбасы, мүгедек баласы бар адамдар мен толық емес отбасы пәтер ала алады. Мәселен, баспана құны 10 миллион теңге болса, Ақтөбе қаласынан 3 бөлмелі пәтер алуға болады. 8 жыл бойы ай сайын 52,3 мың теңге, қалған 11 жылда 36 мың теңге төлейді. Осы жолмен жыл сайын 1 мың отбасыға пәтер беру жоспарланып отыр", – деді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Ақтөбе облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу