"Бақытты отбасы" бағдарламасы ескі үйлердің бағасын көтеруі мүмкін

984

Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы 15 млн шаршы метр баспана салынады. 

"Бақытты отбасы" бағдарламасы ескі үйлердің бағасын көтеруі мүмкін

"Бақытты отбасы" және "Әскери ипотека" бағдарламалары қайталама баспана нарығында бағаның өсуіне түрткі болуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев осындай болжам айтты. 

"Үйдің бағасын нарық анықтайтынын білеміз. Ұсыныс болмаған жерде баға өседі. "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы жүзеге асатын бағдарламаның бәрі халықты жаңа баспанамен қамтуға арналған. Былтыр республика бойынша 12-13 млн шаршы метр баспан қолданысқа берілсе, биыл 15 млн шаршы метр баспана игеру жоспарланған. Яғни биыл елде баспана көлемі ұлғаятынын көріп отырсыздар. Ал баспана көбейсе, бағаның күрт өсуін күтпеуге болады. Басқа мәселе бар. "Бақытты отбасы", "Әскери ипотека" сияқты бағдарламалар халықтың қайталама нарықтан үй сатып алуына рұқсат береді. Осы жағдай қайталама нарықтағы баға құрылымына қандай да бір әсерін тигізуі мүмкін.  Ал жаңа салынған үй бағасының қымбаттауын күтіп отырған жоқпыз", – деді холдинг өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу