"Бақытты отбасы" және "Шаңырақтың" шарттарына өзгерістер енгізілді

461

Бұдан былай несие алу үшін барлық санаттардан кіріс туралы шектеу алынып тасталды.

"Бақытты отбасы" және "Шаңырақтың" шарттарына өзгерістер енгізілді Фото: Ашық дереккөзден

Ең үлкен несие мөлшері үйдің құнына тең болады. Енді үміткерлер арасында 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі. Мұндай өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың жаңа тұжырымдамасы аясында еніп отыр. Тағы бір жаңашылдықты айта кетсек, мүмкіндігі шектеулі азаматтың кірісі жеткіліксіз болса, енді кепілгер ретінде тартуға болатындар тізімі ұлғайтылды. 

Айта кетейік, қос жеңілдетілген ипотека аясында 4 санатқа жататын, яғни, жетім балалар, көпбалалы аналар, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар жандар және мүгедек бала бағып отырған отбасылар баспаналы болуға мүмкіндігі бар. Қазір осы 4 санат бойынша 227 мың қазақстандық баспана кезегінде тұр. Оның ішінде 51 мыңы 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу