Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Ernst & Young" халықаралық консалтингтік компаниясының өкілдерімен инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері жөнінде кездесу өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы заңнамаларды жетілдіру, сондай-ақ ірі шетелдік инвесторларды тарта отырып, МЖӘ тетіктері арқылы инфрақұрылым жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу