Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚШИКҚ Басқарма төрағасы, "Дойче Банк" АҚ-ның ҚР-дағы өкілдігінің басшысы У. Вокурка бастаған "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" Қауымдастығы (ҚШИКҚ) Басқармасының мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды pm.kz.
Кездесу барысында қатысушылар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу