Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Macau Legend Development Ltd" макаолық компаниясының Тең төрағасы және атқарушы директоры Дэвид Чоу бастаған өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды pm.kz.
Кездесу барысында ауыл және орман шаруашылығы қалдықтарын кешенді кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге мамандандырылған "Anhui Geyi Biorefineries Industrial Park Limited" компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Қатысушылардың пікірінше, жобаны жүзеге асыру жабдықтар өндірісі саласына, өнеркәсіптің экологиялық қауіпсіз секторларына, заманауи регенерациялық және органикалық егін шаруашылығына, ауыл шаруашылығы туризміне және басқа да сабақтас салаларға инвестициялар түсімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, өндіріс логистикалық және көлік қызметтерін дамытуды және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыра алады.