Бақытжан Сағынтаев "Нам Г.Н." шаруашылығының жұмысымен танысты.

703

Бақытжан Сағынтаев "Нам Г.Н." шаруашылығының жұмысымен танысты.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына сапары аясында АӨК дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуымен және инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров облыстағы АӨК дамыту және қант қызылшасын, суармалы егіншілікті дамыту бойынша, сонымен қатар сервистік дайындау цехтарын құруға қатысты қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Нам Г. Н." шаруа қожалығының үлгісінде Бақытжан Сағынтаевқа суармалы егіншілікте жаңа технологиялардың қолданылуы туралы әңгімелеп берді. Бұл шаруашылықтағы суармалы жер көлемі 75 га, оның ішінде 25 га – қант қызылшасы, 30 га – картоп өсіріледі, қалған жерге соя және күздік бидай егіледі. 20-ға жуық жұмыс орны құрылған.

Аймақта алғаш рет 10 га қызылша өсіретін аумақта тамшылатып суарудың израильдік технологиясы эксперимент түрінде қолға алынады. Диқандар осылайша қызылша түсімінің артуына қол жеткізеді, ол аталған шаруашылықта аймақтағы орташа деңгейден жоғары және жылына 600 центнерді құрайды.

Алматы облысында қант қызылшасын өңдейтін Жетісудағы аса ірі Ақсу зауыты іске қосылған. 2017 жылы аймақта қант қызылшасы егілетін аумақты 9 мың гектарға дейін арттырып, 30 мың тонна қант алу жоспарланып отыр. Бұл облыс халқын 84%-ға өз қантымен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді және 2017-2020 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сай келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу