Бақытжан Сағынтаев "Сарыарқа" газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты

663

Бақытжан Сағынтаев "Сарыарқа" газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Қараөзек" компрессорлық станциясына барып, "Сарыарқа" магистральді  газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты.

Қараөзек станциясы Қазақстан кен орындарының батыс топтарынан (Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз, Жаңажол және Өріктау газы) табиғи газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бейнеу – Бозой – Шымкент газ магистральды жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған. Зауыттың өнімділігі жылына 10 млрд м³ құрайды, бұл көрсеткішті болашақта жылына 15 млрд м³ дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Биылғы шілде айында "Қараөзек" компрессорлық станциясынан "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана" бағытында 2,7 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз ететін "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу