Бүгін Бақытжан Сағынтаев АЭФ алаңында танымал сарапшы-экономистермен кездесу өткізді. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, энергетикалық саясат, климаттық өзгерістер, адам капиталын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бақытжан Сағынтаев сұхбаттасушыларға форум жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде сарапшылар экономиканы технологиялық жаңғырту, энергияның балама көздерін дамыту, білім беру саласындағы реформалар және т. б. бағыттар бойынша Қазақстан дамуында оң қарқынның байқалатынын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу