Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе ферроқорытпа зауытын аралады

791

Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе ферроқорытпа зауытын аралады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды.

Премьер өндірістің жұмысы мен кәсіпорынның бұдан кейінгі жоспарларымен танысты. Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев зауытта жұмыс істеп тұрған пештерді көріп, дайын өнім тиелетін бөлімде болды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, зауыт пен тау-кен байыту комбинатында шикізат өндіру, оны өңдеу және металл дайындауға дейінгі толық циклды жұмыстар жүргізіледі. АФЗ жылына шамамен 300 мың тонна ферроқорытпа шығарады.

Нысанды аралап шыққан Бақытжан Сағынтаев облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мемлекет басшысы жолдауында белгілеген тапсырмаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосу үшін барлық қажетті мүмкіндігі бар екенін айтты. Нақтырақ айтқанда, өндіріске төртінші өнеркәсіптік төңкеріс элементтерін, оның ішінде, автоматтандыруды, роботтандыру, "үлкен көлемді деректермен алмасу" және т.б. енгізе алады.

Айта кетейік, премьер-министр өңірлерге жұмыс сапары кезінде еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын аралауға және өндірісті технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде еңбек ұжымдарымен кездесуге баса назар аударады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу