Нысанды аралау барысында премьер-министрге мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан адам капиталының сапасын арттыру жұмысы жайлы ақпарат берілді және мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы және жай-жапсары таныстырылды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Одан кейін Бақытжан Сағынтаев интерактивті құралды пайдалану арқылы, қазақ тілінде оқытылатын 1 сыныпқа арналған тақырыптық сабақ түріндегі мектептің бастауыш сыныптарының жаңартылған білім беру мазмұнымен танысты және мектептің кинозалы көрсетілді.
"Сымбат" жекеменшік мектебі ақпараттық-коммуникативтік және тұлғалық бағдарланған оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру қызметін ұсынады. Мектепте білім беру үштілділік қағидасымен жүргізіледі, оқу бағдарламасына ағылшын тілінде өткізілетін математика, химия, физика бойынша қосымша сағат енгізілген.