Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

709

Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Ақтөбе рельс-арқалық зауытына барды. Нысанды аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа өндірістің ерекшеліктері туралы ақпарат беріліп, дайын өнім үлгілері көрсетілді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, зауытта "Siemens VIA Metals Techologies" атты жаңа технология қолданылады. Бұл технология рельсті жоғары жылдамдықтағы қозғалыс желілерінде және жүктемесі жоғары желілерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Зауыт өнімдері Алматы-1-Шу темір жол желісінің екінші жолын салу кезінде, сонымен қатар салынып жатқан Құрық портының паром кешенінің жобаларына апаратын жолда және Астана вокзал кешенінде пайдаланылады. Жалпы Қазақстанның магистралды теміржол желісін жаңғырту үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "АРБЗ" ЖШС арасындағы рельс сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт аясында 2022 жылға дейін 600 мың тоннадан астам рельсті жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ішкі нарықты молықтырудан өзге, Ақтөбе өндірушілері рельс өнімін Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Түрікменстанға, Ресей Федерациясына, Эстонияға және Иранға экспорттайды.

Президенттің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, еліміздегі индустрияландыру жұмысы Ақтөбе рельс-арқалық зауыты секілді жоғарғы экспорттық әлеуеті бар, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға басымдық береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу