Бақытжан Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын аралады

892

Бақытжан Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын аралады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаевқа нысанның құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бұдан соң карьердің шолу алаңында премьер-министрге кен алу технологиясы жайлы әңгімеленді, ал сәл кейінірек сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында премьер-министрге кен байыту технологиясы таныстырылды.

2016 жылы индустрияландыру күні аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіретін Ақтоғай кешені жобалық қуатына шығарылды. Биылғы жылдың соңына қарай катодты мыс өндірісін 20 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты – KAZ Minerals тобының жобасы, ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында аттас кентке жақын орналасқан ашық ірі кен орны. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының қатарына кіреді. Бұл соңғы бес жылдағы ең ірі индустриялық құрылыс.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының тапсырмасымен ел аймақтарына жұмыс сапарын бастады. Премьердің жұмыс кестесіндегі алғашқы аймақ Шығыс Қазақстан облысы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу