Бақытжан Сағынтаев: Алдағы үш жылда қала қазынасы 6,5 млрд теңгеге толығады

841

Қала әкімі бұл қаражаттың балабақшалардағы орын жетіспеушілігін азайтуға жұмсалатынын жеткізді.

Бақытжан Сағынтаев: Алдағы үш жылда қала қазынасы 6,5 млрд теңгеге толығады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада көпқабатты тұрғын үйлерді жоспарлаған кезде балаларға арналған шағын орталықтар үшін бірінші қабаттағы орындар бөлінетіні туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қаладағы тұрғындар санының өсуі балабақшалар құрылысы қарқынынан асып отыр. Балабақшалардағы кезектер саны жыл сайын артып, бүгінде 56 мың орынды (1-6 жас аралығындағы балалар) құрап отыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және балабақшаларда оқытумен қамту 84% құрайды", – деді Бақытжан Сағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерінің форумында.

Әкімнің айтуынша, тағы бір мәселе – жеке балабақшаларды субсидиялау бойынша шаралар қолданылып жатқанымен, ата-аналар үшін төлем сомасы жоғары болып отыр.

Осылайша, балабақшалар ата-аналармен қосымша қызметтер үшін келісім жасап, нәтижесінде жеке балабақшалардағы білім беру құны 50-70 мың теңгеге барады. Оған қоса, мемлекет әр бала үшін 28 мың теңге төлеп отыр.

"Білім басқармасы осындай келісімдерге талдау жүргізіп, көрсетіліп жатқан қызметтер бағасын қайта қарауы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғандай, бізге балабақшалардағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту керек. Бұдан бөлек, жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен шағын орталықтардағы тәрбиешілер білім беру процесінде Мемлекеттік стандарт талаптарына жүгінуі қажет", – деп атап өтті әкім.

Бақытжан Сағынтаев үкіметте қаладағы балалар бақшаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы үшін қаржыны көбейту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

"Ішкі көші-қон мен туу көрсеткішінің өсуіне байланысты балалар контингентінің жыл сайынғы өсімін есепке алғанда, бұл Алматы үшін маңызды. Алдағы үш жылда қала қазынасы 6,5 млрд теңгеге толығады. Біз оны балабақшалардағы орын жетіспеушілігін азайтуға жұмсаймыз", – деді әкім.

Сондай-ақ, әкімдік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қолжетімділік мәселелерін ақырын шешетін болады.

"Біз қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жоспарлаған кезде балалар шағын орталықтары үшін бірінші қабаттағы орындар бөлінетіні туралы шешім қабылдадық", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, Алматы әкімі жас мұғалімдерге ақшалай көмек бөледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу