Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының бірқатар инфрақұрылымдық нысандарын аралады

1174

ҚР премьер-министрі Алматыға ресми сапармен барды.

 Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының бірқатар инфрақұрылымдық нысандарын аралады

Бүгін Алматы қаласына ресми сапары аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қаланың туристік әлеуетінің дамуымен танысу мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарға : "Алматы-2" теміржол вокзалына және Visit Almaty туристік хабына барды. Осы жерде Carsharing жаңа сервисінің презентациясы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Биыл қараша айында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ашылған Visit Almaty туристік хабын аралу кезінде премьер-министрге консультация орталығында әр туристің барлық қажетті ақпаратты: карталарды, жолнұсқауларды, тау бағдарларының атластарын, туроператорлардың брошюраларын, мәдени-бұқаралық шаралардың аңдатпаларын т.б. ала алатыны туралы баяндалды. Бұдан басқа, консультанттар түрлі мәселелерді — заңмен және денсаулықпен байланысты шұғыл мәселелерден бастап, логистикалық, мысалы, "қай жерде тамақ ішіп, Көктөбеге қалай жетуге болады" деген тәрізді мәселелерді шешуге дейін көмек көрсете алады. 11 айда орталықтан 25,2 мыңнан астам турист кеңес алған.

Қала әкімінің орынбасары Е. Әукенов өз кезегінде, жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында қаладағы туристер саны биыл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артқанын баяндады. Алматыға 43,6% турист келген, бұл Қазақстанға келетін шетелдік туристердің жартысына жуығы. 2018 жылдың ІІ тоқсанында Алматыға келген туристердің саны 503 мың адамды құрады.

Туристік тартымдылықты арттыруға мүмкіндік беретін жобалардың бірі 2019–2020 жылдарға жоспарланған, "Алматы-2" темржол вокзалының реконструкциясы болады. Нысанды аралау кезінде Б. Сағынтаевқа жобаның "Алматы-2" және "Алматы-1" арасында екінші жолды, қосымша терминалды, жерасты өткелдері мен қала маңы бағыттары үшін жаңа жолаушылар платформаларын салуды қарастыратыны баяндалды. Жалпы, вокзалды жаңғырту нысанның пайдалы аумағын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнда премьер-министрге оңтүстік астананың көлік инфрақұрылымын дамыту туралы баяндалып, "Каршеринг" жаңа сервис жүйесі таныстырылды.

Алматы әкімдігінің ақпараты бойынша, биыл қалалық автобус паркін жаңарту көрсеткіші 80%-ға жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу