Бақытжан Сағынтаев: Алматылықтардың нақты табысы 6,7 пайызға өсті

751

Қала әкімінің айтуынша, биылғы жылдың 3 тоқсанында орташа айлық жалақы 220 мың теңгеге артқан.

Бақытжан Сағынтаев: Алматылықтардың нақты табысы 6,7 пайызға өсті

Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Алматы экономикасының барлық салаларында оң динамика байқалады, дейді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Өнеркәсіп 5,1%-ға, инвестиция 3,1%-ға, бөлшек сауда 11,8%-ға, көтерме тауар айналымы 1,3%-ға, құрылыс 3,2%-ға өсті. Тұрғын үйді іске қосу 8,8%-ға (1 552,5 мың.шаршы метр) ұлғайған.

"Алматылықтардың нақтылы табысы 6,7%-ға өсті: биылғы жылдың 3 тоқсанында орташа айлық жалақы 220 мың теңгеден артты. Жыл басынан бері қарай 40,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыз азаматтарды және NEET санатындағы жастарды еңбекпен қамту бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілуде. Еңбекпен қамтудың 12 мобильді орталығы құрылды",– деді әкім Орталық коммуникациялар Қызметіндегі баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев қалалықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

"23 ықшамаудандағы 105 мың тұрғынды ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстарды 2023 жылы аяқтауды жоспарлаудамыз", – деп атап өтті Алматы әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу