Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың сұрақтарына жауап берді

620

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жалға алу төлемдерін жеңілдету бойынша кәсіпкерлерге көмек көрсетілетіні туралы айтты.  

Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың сұрақтарына жауап берді

Қалалықтардың "Алматы" ТА-ның Akimat Live бағдарламасының эфирінде қойылған сұрақтарына жауап бере келіп, сауда орталықтарының алаңдарын жалға алған кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары туралы айтты.

Бұрындары хабарланғанындай, ТЖ режимі кезінде қызмет көрсету салалары айтарлықтай шығынға ұшырады, олар – қоғамдық тамақтану орындары, фитнес пен спорт, сауда және басқалары. Бүгінгі күні, 9 мыңға жуық (24,7%) кәсіпкерлер жалға алған орындарына қатысты қиындықтарды бастан өткеруде. Осыған орай, жалға берушілермен жеңілдіктер жасау мәселесі пысықталуда.

Б. Сағынтаев атап өткендей, жалға берушілердің көпшілігі ұсынысты қабыл алып, жалға алынған орындардың төлемін есептеуді тоқтатты.

"Төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде ірі сауда нысандарының иелері, оның ішінде 153 сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері мен базарлар 40 мыңға жуық жалға алушылардан төлем  алуды тоқтатты. Бұлардан өзге, қазіргі кезде көптеген базарлар мен сауда және ойын-сауық орталықтары жалға беру бағасын 20-30%-ға төмендетті", – деп хабарлады Алматы әкімі.

Алматыда "Атамекен" ҰКП ықпал етуімен сауда нысандарындағы 13 мыңға жуық жалға алушылардың 2,7 млрд теңге сомасындағы мәселесі  шешілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мысалы, "Moskva metropolitan" ОСО-ның сауда алаңдарында 180 жалға  алушы бар, олардан ай сайын 265 млн теңге төлем түседі. Қомақты шығынға ұшырағанына қарамастан, жалға беруші дағдарысқа қарсы жеке шараларды қабылдай отырып, жалға  алушыларды төлемдерден босатты.

"Автосити" СҮ-де 120 жалға алушы бар, олардан ай сайын 6 млн теңге түседі. Сауда үйі де жалға алушыларға қолдау көрсетуге және ТЖ мен карантин кезінде оларға демалыс беруге дайын.

Кәсіпкерлер несиелерінің төлемдерін шегеруге қатысты айта келіп, қала әкімі ЕДБ басшыларының төлемдерді шегеру мәселесі талқыланатын  Іскерлік кеңесінің құрамына енгендерін хабарлады. Бүгінгі күні 127,3 млрд теңгенің 360 мың несиесі бойынша төлем шегерілді.

Сонымен қатар, бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында сыйақы мөлшері төмендетілді. Мысалы, БЖК бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме  6%-ға дейін (бұрынғысы 8,4%), "Almaty Business-2025"  бағдарламасы аясында 7%-дан 6%-ға дейін азайды.

Қосымша, "Дамумен" бірге ШОБ енді қарқын ала бастаған Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб және Әуезов аудандарында сыйақының жылдық мөлшерлемесін 7%-дан  5%-ға дейін төмендету бойынша жұмыстар жүруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу