Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жолдады

1224

Шаһар басшысы Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын талқыға салуды ұсынды. 

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жолдады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында Almaty-2050.kz жобасын қала тұрғындарының назарына ұсынып, үндеу үндеу жолдады.  

"Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын. Алматының болашағына қатысты мақсатымыз ортақ болуға тиіс. Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланады. Мұнда сіздер пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар. Бәріміз бірлесе жұмыс істейік!",– деді қала әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу