Бақытжан Сағынтаев ArcelorMittal компаниясының өкілдерімен кездесті

855

Бақытжан Сағынтаев ArcelorMittal компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның вице-президенті Хавьер Лассо Пенаның басшылық етуімен ArcelorMittal өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстандағы ArcelorMittal компаниясының қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ, болатты әлемдік нарықтарға экспорттаудың кейбір аспектілері талқыланды.

Айта кетсек, ArcelorMittal — әлемнің ірі металлургиялық компаниясы. Люксембургте тіркелген және сонда компанияның штаб-пәтері орналасқан. 

Компанияға Қазақстанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тиесілі, оған Қарағанды металлургия комбинаты, сегіз көмір шахтасы, екі электр стансасы, Лисаков тау-кен байыту комбинаты, темір марганец кеніштері және қосалқы кәсіпорындар кіреді. 1995 жылы Қарағанды металлургия комбинатын жекешелендіру бойынша жабық тендерде сатылып "Испат Кармет" АҚ ретінде құрылған. 2004 жылғы желтоқсанда "Испат Кармет" "Миттал Стил Теміртау" АҚ ретінде тіркелді, ал 2007 жылғы 6 қыркүйекте "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болып қайта тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу