Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астананы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кеңес барысында Астана қаласының 2018–2023 жылдарға арналған ықшам құрылысының кешенді жоспары талқыланды. Жоспарда жол-көлік инфрақұрылымын, елорданың жаңа көлік жүйесін (LRT), индустриялық парктерді дамыту, газдандыру, жылу және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерін, су тарту, жауын-шашындық кәріз жүйесін дамыту мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, орта білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының құрылысы және қаланы көркейту мәселелері қаралды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу