Бақытжан Сағынтаев БАӘ сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрімен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың биыл 15-16 қаңтарда БАӘ-ге ресми сапары барысында қол жеткізілген бірлескен жобалар мен екіжақты уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.
Бұдан өзге, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сонымен қатар ғарыштық және энергетикалық ынтымақтастықты дамыту келешегі жөніндегі мәселелер қаралды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу