Бақытжан Сағынтаев барлық нысандардағы жабдықтарды тексеруді тапсырды

879

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмысшы қазасынан кейін құрылыс жабдықтарына қатысты мәселені көтерді.  

Бақытжан Сағынтаев барлық нысандардағы жабдықтарды тексеруді тапсырды

Ол қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан барлық нысандардағы жабдықтарды тексеруді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жуырда ғана бізде төтенше жағдай орын алды. Бейбіт уақытта қарлы боран, жел соқпай-ақ құрылыс алаңында кран құлап, азаматымыз қайтыс болды. Осыған байланысты қандай шаралар жүргізіліп жатыр?", – деп сұрады Алматы әкімі қалалық штаб отырысында.

Шаһар басшысының орынбасары Мұхит Әзірбаев осы аптада қаладағы барлық крандарды тексеру үшін жұмыс тобының құрылғанын айтты. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, кран техникалық ақауларға байланысты құлаған. Енді комиссия мұның себебін анықтайды. Мүмкін кран құрылымының тозуы немесе басқа да себептер болуы мүмкін. Бұл тергеу және техникалық жағдайын тексеру кезінде анықталады", – деп жауап берді Мұхит Әзірбаев.

Бүгінде қалада 143 құрылыс нысаны болса, олардың әрқайсысында кран бар. Шаһар басшысының орынбасары атап өткендей, құрылыс алаңдарында орта есеппен 4-5 кран жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу