Бақытжан Сағынтаев Беларусь елшісімен кездесті

632

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Беларусь үкіметаралық комиссиясы 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Комиссияның 14-отырысы қыркүйек айында Брест қаласында өтеді.

Бақытжан Сағынтаев  Беларусь елшісімен кездесті

Бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және машина жасау, металлургия, фармацевтика, химия және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, азаматтық авиация, көлік және логистика салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салалардағы жаңа инвестициялық жобалардың перспективалы бағыттары қаралды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы өзара сауда-саттық 2016 жылмен салыстырғанда 56,4%-ға артып, $604,1 млн құрады. Сондай-ақ, 2018 жылдың бес айының қорытындысы бойынша ҚР–БР сауда айналымында оң өсім қарқыны байқалды, ол 25,7%-ды ($260,2 млн) құрады.

2005 жылдан бастап 2018 жылдың І тоқсанына дейін Беларусь Республикасынан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $911,9 млн құрады. 2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда беларусьтық үлестің қатысуымен 408 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Беларусь үкіметаралық комиссиясы 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Комиссияның 14-отырысы қыркүйек айында Брест қаласында өтеді. 2019–2020 жылдарға арналған жаңа бірлескен іс-шаралар жоспарын келістіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу