Үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын одан әрі жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Кеңес барысында "Doing Business" рейтингіндегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша заңнамалық бастамалар пакеті талқыланды.
Қолданыстағы заңнамаға аталған түзетулер 2016 жылдың соңында мемлекеттік органдардың, отандық және халықаралық сарапшылардың, еліміздің бизнес қауымдастықтарының ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу