Бақытжан Сағынтаев БҚО машина жасау компаниясының өндірісімен танысты

649

Бақытжан Сағынтаев БҚО машина жасау компаниясының өндірісімен танысты

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ірі жоғары технологиялық өндіріс кешені – Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Нысанды аралау барысында Б. Сағынтаевқа газ турбиналары мен мұнай-газ жабдықтарын өндіретін цехты жөндеу жұмысы жүргізілетін сервистік орталықтың жұмысы туралы баяндалды.

Машина жасау компаниясы – металл конструкцияларын, тұрғын ғимараттарды, құрылыс жабдықтарын және ауыл шаруашылығы жабдықтарын шығарумен айналысатын жоғары технологиялық өндірістік кешен. Сонымен қатар зауыт еліміздің қорғаныс өнеркәсібінің маңызды құрамдас бөлігі – әскери және азаматтық маңызға ие авиациялық қозғалтқыш жөндеу жұмысын да жүргізеді.

Бұдан өзге президенттің тапсырмасымен кәсіпорын базасында General Electric компаниясымен бірлесіп, осы фирма жабдықтарының жұмысын орындауға қауқарлы Қазақстандағы жалғыз ресми орталық – газ турбиналарын жөндейтін сертификатталған сервистік орталық құрылды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы сияқты ірі кәсіпорындар өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосады және президенттің жолдауына сәйкес Қазақстан экономикасы өсімінің жаңа үлгісін құрудағы басымдықтардың бірі – үкіметтің өнеркәсіптік өндірістерді технологиялық қайта жарақтандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысында маңызды рөл атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу