Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-vинистрі Бақытжан Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің бас директоры Марк Узанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды pm.kz.
Кездесу қатысушылары жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелерді талқылады. Комитет Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгері жылжыту жөніндегі серіктесі болып табылады.
Анықтама: Бреттон-Вудсты жаңғырту комитеті – 1994 жылы оның қазіргі бас директоры Марк Узанның (Нью-Йорк қаласы) Бреттон-Вудс конференциясының 50 жылдығын мерекелеу аясында негізін қалаған коммерциялық емес ұйым.
Комитет қызметі жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге әлемдік қаржы архитектурасы мен валюта жүйесін бейімдеуді мақсат ететін, жоғарғы деңгейдегі қатысушылар арасында ашық диалог ұйымдастыруға бағытталған.