Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде кеңес өткізді

617

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет үйінде Қазақстанды үшінші жаңғырту аясында денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында жеке медицина, денсаулық сақтау саласын ырықтандыру және қайта реттеу, сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға тең жағдай жасау мәселелері қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу