Бүгін үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мәселесі жөнінде дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында инвестиция және даму министрлігінің дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген 2017-2022 жылдарға арналған инвестиция тарту жөніндегі Ұлттық стратегия жобасы қаралды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында "Kazakh invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы құрылды. Компания Қазақстан үкіметінің атынан трансұлттық компаниялар және ірі инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде жұмыс атқарады. Компанияның басқарма төрағасы ретінде Мақсат Қабашов тағайындалды.